🏫 Бүгін "Адал азамат" тәрбиелеу бірыңғай бағдарламасының "Заң және тәртіп" айлығы аясында 9-11 сынып оқушылары мен колледждің 1 курс студенттері Мәдениет үйінде болып, ойсыз шешімдердің салдары мен өмірде дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын жарқын бейнелеген «Кепілгерлер. Ана…» фильмін тамашалады 🎬.
⚖️ Шара аясында оқушылар алдында Қызылжар ауданы прокурорының орынбасары сөз сөйлеп, құқыққа қарсы әрекеттердің құқықтық салдары мен кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы айтып берді 📚.
💡 Іс-шара жасөспірімдерге өз өмірі, денсаулығы және болашақтағы іс-әрекеттері туралы ойлануға көмектесе отырып, маңызды профилактикалық және тәрбиелік мәнге ие болды .