Мектеп бітірушілер кеші – мектеп өмірін аяқтайтын ең жарқын оқиға. Ол кешегі оқушылардың ересек өмірінің бастауы.
14-маусымда Бескөл мектеп-колледжінде 46 оқушы өздерінің кәмелеттік аттестаттарын алды. Олардың қатарында «Алтын белгі» иегері Вячеслав Зимовский, сондай-ақ түрлі интеллектуалдық, спорттық, шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Біз, ата-аналарымыз бен балаларымызды құттықтап, алдағы өмірде барлығы орындалуын тілейміз!
Баршаңызға сәттілік!